Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2021

Түркістан облысында бензин мен дизель бағасы шарықтап тұр

2492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстағы кейбір бекеттер бензин мен дизель отынын бірден қымбаттатып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында бензин мен дизель бағасы шарықтап тұр

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов өңірдегі жанармай тапшылығын Павлодар зауытының жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша тоқтауымен түсіндірді. 

«Бүгінгі күні облысты жалғыз Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жанармаймен қамтамасыз етіп отыр. Бұған дейін арзан бағаны ұстау үшін жанармай темір жол арқылы Павлодардан және Шымкенттен тасымалданатын. Бүгінгі күні «ПетроҚазақстанның» вагондарында бензин жоқ. Үлкен жанармай сататын бекеттерге өз компаниялары тікелей жеткізіп жатыр. Ал, жеке жанармай бекеттерінің иелері жолдың ақылы болуына байланысты тасымалдауға қарсылық білдірді. Бұл - тікелей Энергетика министрлігінің жауапкершілігінде. Біз бұл туралы ақпаратты бердік. Келіссөз жүргізілді. «Шнос» компаниясы облыс үшін көбірек бензин беретін болды», деді Рашид Аюпов.

Энергетика министрлігі мен «Шнос» компаниясы өкілдерінің сөзіне сенсек, екі күн ішінде мәселе толығымен шешілуі керек.

Ал, демалысқа дейін шалғайда орналасқан Шардара, Мақтарал аудандарына да жеткізіледі. Тағы бір айта кетерлігі, жанармай тапшылығы туындаған тұста кейбір бекеттер бензин мен дизель отынын қымбаттатып жіберген. Бұл бағытта мониторинг тобы бақылау жүргізіп, істі монополияға қарсы күрес департаментіне өткізіп жатыр.

Бүгінде жанармай станциялары арнайы талон арқылы бірінші кезекте мемлекеттік мекеме көліктерін жанармаймен қамтып отыр.