Саясат • 09 Желтоқсан, 2021

Жер телімі бар мемлекеттік қызметкерлердің тізімі жасалуы мүмкін

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жайылым туралы» заң мен Жер кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ұсынысы парламентте қаралып жатыр. Бұл туралы «Жогорку Кенеш» отырысында ведомство басшысының орынбасары Нұрлан Шеріпов мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Жер телімі бар мемлекеттік қызметкерлердің тізімі жасалуы мүмкін

«Қырғызстан азаматтарына құнарсыз жерлерді дамыту мақсатында 20 жылға жалға бергіміз келеді. Елімізде барлығы 9,5 миллион гектарға жуық жайылым бар», деді Нұрлан Шеріпов. 

Ал депутат Ирина Карамушкина елдегі жайылым жерлерін бұрынғы билікке жақын адамдар иеленіп алғанын айтты. Оның айтуынша, олардың кейбіреулерінде жүздеген гектар жер бар. 

«Уәкілетті мемлекеттік органдардан меншігінде жер телімдері бар мемлекеттік қызметкерлердің тізімін жариялауды сұраймын. Халық жерге кімдердің иелік етіп отырғанын және онда кім жұмыс істейтінін білуі керек», деді Ирина Карамушкина.