«Оқиғаға қатысушылар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар түнгі уақытта бардан шығып, кейін төбелескені анықталды», деді полиция өкілі.
Тәртіп сақшылары Бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, айналасындағыларға құрмет көрсетпегені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді», деді полиция өкілі.