Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2021

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Бес өңірде ескерту жарияланды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Бес өңірде ескерту жарияланды

Күндіз Ақтөбе облысының батыс, оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел облыстың оңтүстік-батысында және орталығында 15-20 м/с екпіні сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында және таулы аудандарда 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыс, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының оңтүстік-батысында, тау бөктерінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыс, оңтүстік-шығыстан солтүстікте, облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар