«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайонның мәліметінше, Теңіз кен орнынан «қара алтын» өндіру 1993 жылы басталған.
«Теңіз кен орнында 1993 жылы шамамен 1 миллион тонна мұнай өндірілді. Ал, 2020 жылдың соңына таман өнім өндіру көлемі 26,5 миллион тоннаға дейін өсті. Бұл Қазақстанда өндірілген мұнай көлемінің шамамен 35 пайызын құрайды. Компанияның бұл табысы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен акционерлердің, жергілікті атқарушы органдар мен қызметкерлеріміздің қолдауынсыз мүмкін болмас еді. Енді міне, Қазақстанмен серіктес ретінде бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде Теңіз кенішінен өндірілген мұнай көлемі 500 миллион тоннаға жетті» деп мәлім етті Кевин Лайон.