Еліміздің ұлық мерекесі қарсаңында «Almaty сreativ hub» ғимаратында Түркиядан арнайы әкелінген қазақ классик ақын-жазушыларының 24 кітап-альбомдарының 2000-ға жуық данасы Алматы қаласының кітапханаларына сыйға берілді.
Кітап-альбомдардың ішінде үш тілде жарияланған: «Абай», «Үш Арыс», «Олжас Сулейменов», «Шыңғыс Айтматов», «Қалам мен қағаздың махаббаты» және т.б. кітаптар бар.
Салтанатты іс-шараға «ТҮРКСОЙ» ұйымындағы Қазақстан Республикасының өкілдері мен шығармашыл зиялы қауым қатысты.