Мексиканың оңтүстік-шығысында болған жол апатында мерт болғандардың барлығы мигранттар екені анықталды.
«Мигранттарды тасымалдайтын көліктің Чиапас штатының Тустла-Гутеррес қаласында аударылуы нәтижесінде кем дегенде 53 адам қайтыс болып, 58 адам жарақат алды», деп хабарлады Чиапас азаматтық қорғаныс қызметінің бас директоры Луис Мануэль Гарсия ел басылымдарына берген түсіндірмесінде.