«Фируза Шарипова әлемдегі кәсіпқой бокс мамандары мен жанкүйерлерді таң қалдырғысы келеді. Ол жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлемнің жаңа абсолютті чемпионы болудан үмітті», деп жазды ұйым өзінің твиттердегі аккаунтында.
Естеріңізге сала кетейік, 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға ауған түні Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтетін бокс кешінде Фируза Шарипова ирландиялық әлемнің абсолютті чемпионы Кэти Тейлорға қарсы шаршы алаңға көтеріледі.