Коронавирус • 10 Желтоқсан, 2021

«Омикрон» таралуына шектеу шаралары тосқауыл бола алмайды - Жандарбек Бекшин

5369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Омикрон» таралуына шектеу шаралары тосқауыл бола алмайды - Жандарбек Бекшин

Қаланың бас санитар дәрігерінің мәліметінше, Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, қала «жасыл» аймақта орналасқан.

«Бұл вакцина алудың нәтижесі. Оған қоса қалада шектеу шаралары енгізілді, бұл да вакцинацияға үлкен көмек берді. Қала тұрғындарының 50 пайызы вакцина алды, біздің мақсатымыз оны 80%-ға дейін жеткізу. Қаладағы ұжымдық иммунитет 57,3%», деді Жандарбек Бекшин.

Бекшин сонымен қатар әлемді коронавирустың омикрон нұсқасы алаңдатып отырғанын, оның потогендігі дельта штамымен салыстырғанда 3 есе жоғары екенін атап өтті.

«Ол АҚШ, Еуропа және көрші Ресейде анықталды. Шектеу шараларымен оның елге кіруіне тосқауыл бола алмаймыз, дегенмен жаппай вакцина алу арқылы оның таралуын тоқтата аламыз. Вакцинаның екі компонентін алғандар арасында вирусты жұқтыру төмен және ол жеңіл өтеді», деді ол.

Сондай-ақ ол омикрон штамы анықталған елден келген жолаушылар 7 күн үйде оқшауланатынын жеткізді.