13 жасар Заңғар Нұрланұлы чемпионаттың барлық сатыларынан сүрінбей өтті. Сүйінші жаңалықпен Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің кеңесші уәкілі Талғат Жұмағұлов әлеуметтік желіде бөлісті.
Ол финалда француз теннисшісі Ленни Кутурьеден 4-6; 6-0; 6-3 есебімен басым түсті.