«Атырау қаласындағы «Жұлдыз» шағынауданының тұсында, «Атырау-Доссор» бағытындағы жолдың бойында ресейлік нөмірі бар «ВАЗ – 2115» автокөлігі «DAF» жүк көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан жеңіл көліктегі 2 жолаушы көз жұмды. Жеңіл көліктің Ресей Федерациясында да, Қазақстан Республикасында да тіркеуге қойылмағаны анықталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.