Әлем • 12 Желтоқсан, 2021

Түркияда Омикрон штамы тіркелді

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 түрік азаматынан коронавирустың Омикрон штамын жұқтырғаны расталды, деп жазады Egemen.kz.

Түркияда Омикрон штамы тіркелді

Түркияның Денсаулық сақтау министрі TRT Haber арнасының эфирінде бұл елдегі жаңа COVID штамының алғашқы жағдайлары екенін хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, індетті жұқтырған бес адам Измир қаласында, тағы біреуі Стамбұлда тұрады.

Бұл адамдардың ауруы жеңіл болғандықтан, ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.

Науқастардың жақында шетелге барғаны және олардың COVID-19-ға қарсы вакцина алғаны туралы мәлімет жоқ.

Бұған дейін Омикрон алғаш рет Словакияда анықталған. Штамды жұқтырғандар Оңтүстік Африка елдерінен елге оралған.