Кәсіпқой бокс • 13 Желтоқсан, 2021

Жүкембаев Мартинеспен Канадада жұдырықтасады

1805 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жегін Канаданың Монреаль қаласында өткізетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүкембаев Мартинеспен Канадада жұдырықтасады

17 желтоқсанға жоспарланған бокс кешінде отандасымыз мексикалық Хуан Хосе Мартинеске қарсы шаршы алаңға шығады. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Артур Бетербиев пен америкалық Маркус Браун рингке көтеріледі.

«Мен 17 желтоқсан күні Монреаль қаласындағы «Bell Centre» аренасындағы бокс кешінде шаршы алаңға көтерілемін. Монреаль қаласына қайта оралғаныма бек қуаныштымын», деп жазды боксшы инстаграмдағы парақшасында.

Батыр АҚШ-та өткен соңғы жекпе-жегінде Пуэрто-Рико боксшысы Сабриэль Матиасқа есе жіберген болатын.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20