Хоккей • 14 Желтоқсан, 2021

Бесінші жеңіс бұйырмады

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» ке­зекті тур ойынын өз айдынында Ниж­некамскінің «Нефтехимигімен» өткіз­ді.

Бесінші жеңіс бұйырмады

Осыған дейін қатарынан төрт кездесуде жеңіске жетіп, өз жанкүйерлерін қуантқан жерлестеріміз бұл жолы сенім үдесінен шыға алмай, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Қазіргі кезде «Барыс» тұрақты бірін­шіліктің жарыс кестесінде 17-орынды иеленуде. Қоржынында 38 ұпай бар. Енді елордалық хоккейшілер өздерінің кезекті ойынын 21 желтоқсанда Екатеринбургте «Автомобилиспен» өткізеді.