Кәсіпқой бокс • 14 Желтоқсан, 2021

Жеңілуім үшін 300 мың доллар ұсынды – Александр Усик

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBA Super, WBO, IBF, IBO тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы, украиналық былғары қолғап шебері Александр Усик Przeglad Sportowy-ге берген сұхбатында әуесқой бокстағы кәсіби мансабын еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңілуім үшін 300 мың доллар ұсынды – Александр Усик

Ол сұхбат барысында 2011 жылғы әлем чемпионатының финалында әзербайжандық боксшыдан жеңілуі үшін беймәлім біреулер 300 мың АҚШ долларын ұсынғанын айтты.

«Иә, Бакуде өткен әлем чемпионатының финалында жергілікті боксшы Теймур Мамедовпен жолым түйісті. Сол кезде жергілікті боксшының әлем чемпионы атанғанын қалайтындар маған жеңілуім үшін 300 мың АҚШ долларын ұсынды. Бұл ұсынысқа бірден қарсы екенімді айттым.

Осы жағдай маған финалдық жекпе-жекте әсер етті ме? Мен енді сол қаржыны үш төрешіге беретін шығар, олар өздерінің лас жұмысын атқаратын болар деп топшыладым. Шаршы алаңға қарсыласыма жойқын соққыларымды дарытуым керек деген оймен көтерілдім. Жоспарым жүзеге асып, олар мені аяқтан шала алмады», деді боксшы өз ойын түйіндеп.