Кәсіпқой бокс • 14 Желтоқсан, 2021

Самаки Уокер: «Канело» Головкинді жеңген емес

4824 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірнеше мықты клубтардың жейдесін киген америкалық баскетболшы Самаки Уокер кәсіпқой бокстан екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль Альваресті сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Самаки Уокер: «Канело» Головкинді жеңген емес

«Сауль «Канело» Альварес Флойд Мейвезерге есе жіберген. Меніңше ол Головкиннен де екі мәрте ұтылды. Өзіне тиесілі әлем чемпионы белбеуін босатып, қауіпті қарсыластардан қашып кету ешкімге абырой әпермейді. Оның Джермалл Чарлодан, Деметриус Андрадеден қашып жүргенін ашық айтқанның айыбы жоқ», деді спортшы өз ойын түйіндеп.