Оқиға • 14 Желтоқсан, 2021

«Қостанай-Су» басшысы қамауға алынды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарашаның 27-сі күні Қостанай қаласында «Шевролет» көлігін басқарып келе жатқан «Қостанай-Су» басшысы Еркебұлан Файзулаевты полиция қызметкері тоқтатқан, деп жазады Egemen.kz аймақтық «Біздің газет» басылымына сілтеме жасап.

«Қостанай-Су» басшысы қамауға алынды

Полиция қызметкері Файзулаевтың алкоголь өнімін тұтынған-тұтынбағанын анықтау үшін медициналық тексеруден өтуін талап еткен. Бірақ «Қостанай-Су» басшысы бастығы сараптамадан өтуден бас тартқан. 

28 қарашада Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының отырысында Файзулаев бұл фактіні растады. 

Ол мас күйінде болғандықтан, медициналық куәландырудан өтудің қажеті жоқ деп есептейтінін айтқан. Сондай-ақ өзін қатаң жазаламауды сұрады. 

Сот басшыны ҚР ҚК 613-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды. Сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы үкім шығарды.