Кәсіпқой бокс • 14 Желтоқсан, 2021

Фируза Шарипова рингте кімдермен кездескісі келеді?

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Кэти Тейлорға есе жібергеннен кейін қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова ирландиялық боксшымен шаршы алаңда қайта кездескісі келетіні туралы айтқан болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фируза Шарипова рингте кімдермен кездескісі келеді?

Сонымен Фируза Шарипова жаңа жылдан кейін кімдерге қарсы шаршы алаңға шыққысы келеді? Жоспары қандай? Бұл туралы оның менеджері Сергей Завилейский айтып берді.

«Әлбетте, Тейлормен қарымта кездесу өткізудің маңызы зор. Сол бағытта жұмыс істейміз. Одан бөлек Софья Очигаваға қарсы шаршы алаңға шығаруға тырысамыз. Фируза үлкен жекпе-жектерге шыққысы келеді. Ол өзінің шын мәнінде мықты екенін көрсете білді.

Тейлордың жайдан-жай қарымта кездесу өткізуге мүмкіндік бермейтіні анық. Өйткені Фирузаның қауіпті қарсылас екенін түсінді. Сондықтан да Фирузаны оның міндетті қарсыласы ету жолында еңбектенеміз», дейді менеджер.