Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2021

Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер Қазақстаннан қуылды

486 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының көші-қон қызметінің қызметкерлері пәтерлердің бірінен Қазақстанда мерзімдері бұзылған және көрші елге заңсыз кетуге ниеттенген Шри-Ланканың 12 азаматын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер Қазақстаннан қуылды

«Шетелдіктерге қатысты сот елден шығару туралы шешім қабылдады, ал шақырушы тарапқа қатысты уақтылы шығу бойынша шаралар қабылдағаны үшін айыппұл салынып, билеттер сатып алу туралы нұсқама берілді. Шетелдіктерді шақырғандарға шығу бойынша шаралар қабылданбаған жағдайда, қаржы сот тәртібімен өндіріп алынатын болады», деп жазады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

ІІМ ақпараты бойынша, көші-қон заңнамасын бұзушыларды елден шығару туралы соттың 852 шешімі шығарылған. 165 шетелдік мәжбүрлеп шығарып жіберу үшін арнайы қабылдау орындарына қамалды. Елден 239 шетелдік мәжбүрлеп шығарылды.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 35 қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде 7-і мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге және 28 қылмыстық іс шетелдіктерге елімізде заңсыз болуға жәрдем көрсеткені үшін қозғалды.

Іздеуде жүрген 68 қылмыскер, оның ішінде 9 ТМД азаматы ұсталды.

«Мысалы, Павлодар облысында азаматтықты анықтау үшін құжаттарды қабылдау кезінде көші-қон қызметінің қызметкерінде мемлекеттік қызметті алуға өтініш білдірген адамның іздеуде болуы мүмкін деген күдік пайда болды. Полиция қызметкері соңғы үш жылда қылмыскерлерді іздестіру бойынша жұмыс жасады, нәтижесінде қылмыскер адам анықталды», деп қосты ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл туралы ол жедел түрде қылмыстық полиция қызметкерлеріне хабарлады. Ер адамды Ресей Федерациясының Омбы облысында қос кісі өлтіргені үшін құқық қорғау органдары іздестірді және осы уақыт ішінде ол Қазақстанның шалғай жерлерінде малшы болып жұмыс істеген.

Сонымен қатар, Атыраудағы құрылыс нысандарында тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 170-ке жуық шетелдік анықталды.

Осындай құқық бұзушылықтар Алматы, Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында да анықталды.

Полицияға шетелдік азамат туралы уақтылы хабарламағаны үшін 4 987 жеке және заңды тұлға, қайыршылық үшін 42 шетелдік тартылды.

Ведомство атап өткендей, көші-қон заңнамасын қасақана бұзғандарды анықтау «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілді.

Сонымен қатар, 564 отандық жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.