Үкімет • 14 Желтоқсан, 2021

Сенаторлар өнеркәсіптік саясат туралы заң жобасын талқылады

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар өнеркәсіптік саясат туралы заң жобасын талқылады

Онда депутаттар «Өнеркәсіптік саясат туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын талқылады.

«Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын өнеркәсіптік саясаттың негізгі қағидаттарын белгілеу және қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында әзірленді.

Құжатта бірқатар міндеттер қамтылған, оның ішінде өңдеу өнеркәсібін дамыту, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ инновацияларды тиімді енгізу мен жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды ынталандыру мәселелері қарастырылған.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен бірқатар кодекстер және заңдарға, жалпы алғанда Қазақстан Республикасының 34 заңнамалық актісіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Осы екі құжат комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03