Бизнес • 15 Желтоқсан, 2021

«АрселорМиттал Теміртау» мен кәсіподақтар жаңа ұжымдық шартқа қол қойды

343 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

14 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығы және ком­па­нияның болат, көмір және темір кені департаменттерінің кәсіподақ ұйым­да­ры­ның көшбасшылары алдағы үш жылға арналған жаңа ұжымдық шартқа қол қойды.

«АрселорМиттал Теміртау» мен кәсіподақтар жаңа ұжымдық шартқа қол қойды

Аталған құжат жұмыс беруші мен еңбек ұжымдары ара­сын­дағы еңбек қатынастарын және әлеуметтік-экономикалық мә­се­лелерді реттейді. Сондай-ақ қосымша жеңілдіктер мен кепіл­дік­тер белгілейді, кәсіпорын­ның тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тараптардың құқықтары мен міндеттерін ажыратады. Шарт 2022 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. 30 қарашада екіжақты комиссия оты­рысында ұжымдық шарттың не­гізгі мазмұны мен құрылымы қабылданды.

Кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен ұжымдық шарт жобасын талқылау барысында оған мынадай жаңашылдықтар енгізілді: еңбек міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкердің отбасына пәтер сатып алу; ер адамдарға 3 жас­қа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу (ерекше жағдайларда, екіжақты комис­сия­ның шешімі бойынша); жұмысшы ерлі-зайыптылардың біреуін жұмыста қалдыру басым құқығы (ерлі-зайыптылардың екі жұмыс орны да қысқартуға ұшыраған жағдайда); меди­ци­на­лық скринингтен өту үшін ақылы демалыс беру (жылына 3 жұмыс күні); 12 аптаға дейінгі мерзімде жүктілік бойынша есепке тұру үшін ақылы демалыс беру (3 жұмыс күні); төтенше жағдай (өрт, су тасқыны) болған жағдайда тұрғын үйді қалпына келтіруге 1 млн теңгеге дейін па­йызсыз несие төлеу. Бұдан бөлек, қызмет көрсету аймағын кеңейту және лауазымдық міндеттерді қоса атқару үшін қосымша ақы (кейде екі есе және одан да көп), «Кәсіпорын ардагері» атағы үшін сыйақы беру, жеке мерейтойларға (50, 55, 60 жас және т.б.) орай қызметкерлерге берілетін сыйақы ұлғайтылды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры: Бижу Наир, аталған ұжымдық шарт – бұл күнделікті қызметте басшылыққа алынатын әлеуметтік әріптестік бойынша негіз қалаушы құжат екенін айтты. «Бірінші кезекте, жаңа ұжымдық шарттың ережелерін талқылау кезіндегі конструктивті диалог үшін кә­сіподақ ұйымдарының өкіл­де­ріне шынайы алғысымды біл­діргім келеді. Біз барлық еңбек ұжымдарының, кәсіподақ ұйым­дарының тілектерін, жер­гілікті атқарушы билік пен орталық мем­лекеттік органдардың ұсы­ныс­тарын тыңдап, ескеруге ты­рыстық. Бұл құжатта компания персоналын қолдау және дамыту, сондай-ақ кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін бірінші кезектегі маңызы бар жағдайлардың барлығы ес­ке­р­ілген. Ұжымдық шартта ал­да­ғы үш жылға қолданыстағы шарттың қызметкерлер мен жұмыс істемейтін зейнеткерлер үшін әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктердің барлық спектрі сақталған. Сондай-ақ оған қызметкерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуын жақсартуға тиіс қағидатты жаңа ережелер енгізілді. Біздің міндетіміз – әрбір қызметкердің әлеуетін ашуға, оның біліктілігін дамытуға, компания алдында тұрған өндірісті жаңғырту жөніндегі ауқымды міндеттерді шешуге барынша үлес қосуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау», деді Б.Наир.

Сонымен қатар «Арсе­лор­Мит­тал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Әлішер Әбенов компания қызметкерлерді әлеуметтік-экономикалық қам­­та­масыз етуді арттыру бо­йын­ша практикалық шараларды белсенді қабылдап жатқ­а­нын атап өтті.

– Алдағы жылы та­риф­тік мөлшерлемелер мен қыз­­метақыларды одан әрі ұл­ғай­туды көздейтін ең­бекақыны ин­­декстеудің түбе­гейлі жаңа жү­йесі қол­даныла бастайды. Өткен аптада ұжымдық шартқа қатысушы барлық қызметкерге 2021 жыл­дың қо­рытындысы бо­йынша өн­дірістік экономикалық көр­сеткіштер жоспарын орын­дауына қарамастан, 100% мөл­шер­де сыйқақы (13 еңбек­ақы) төленді. Сондай-ақ жұмыс­шы­лар­дың әлеуметтік-тұрмыс­тық жағдайларын жақсарту және қауіпсіз еңбек жағдайларын қам­та­ма­сыз ету бойынша ке­шен­ді жұмыстар жалғасуда, – деді ол.