Елорда • 15 Желтоқсан, 2021

Елордаға тағы 100 электроавтобус сатып алынады

483 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі биыл елордада қоғамдық көлік саласында қандай жұмыстар жүргізілгенін, жыл басынан бері қанша көшеде автобус жолақтары енгізілгенін, қанша жаңа бағыт іске қосылғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордаға тағы 100 электроавтобус сатып алынады

2019 жылы Нұр-Сұлтанға 100 электробус сатып алынды. Келесі жылы тағы 100 электроавтобус сатып алу жоспарлануда.

2021 жылдың басынан бері елордада бес жаңа бағыт іске қосылды. Оның ішінде: №30 («Өндіріс» - Greenline); № 45 («Үркер» – Алаш тас жолы); № 69 (Қалалық зират - Ақан Сері көшесі («Рахмет» СҮ); №26 («Агрогородок» т/а – «Қазақстан» ТК); №323 («Лесная Поляна» т/а – Назарбаев Университеті).

Қазір қалада 94 маршрут жүреді. Халық арасында №46, 51, 10, 9, 40, 37, 24, 56 бағыттары жоғары сұранысқа ие.

Жыл басынан бері қаланың жалпы жолаушылар ағыны 143 миллионнан астам сапарды құрады.

4

Қоғамдық көліктегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жолаушылар денсаулығының қауіпсіздігі үшін маска режимі енгізілді. Автобус салондарында антисептиктер орнатылған. Әрбір автобус соңғы аялдамаға келгенде салон міндетті түрде дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді, сондай-ақ ауысымнан кейін толық дезинфекция жүргізіледі.

4

7

Бүгінде елордада жалпы ұзындығы 73,6 шақырым болатын 26 көше учаскесінде Bus Lane іске қосылды. Биылғы жылы бөлінген Bus Lane жолақтары көшенің 8 учаскесінде пайдалануға берілді. Олар Тұран, Қабанбай батыр, Ұлы Дала, Байтұрсынов, Нәжімеденов, Түркістан, Абылай хан (қарбалас кезінде) және Мұхамедханов даңғылдары мен көшелері.

Қалада барлығы 6 автобус паркі бар, оның ішінде 5 - жеке, 1 - коммуналдық. Күн сайын желіге 869 бірлік автобус шығады. Таңертеңгі және кешкі сағаттарда жылжымалы құрамның максималды саны желіге шығарылады.

Айта кетсек, жүргізушілер мен контроллерлер «CTS біліктілік орталығында» біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Тіпті жұмысқа қабылдау кезінде жүргізушілер міндетті түрде CTS көлік мамандарының біліктілік орталығында оқудан өтеді.

7

7