Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2021

ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атанды

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлына «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атанды

Дүйсен Қорабайұлы 1947 жылы 10 наурызда Ресейдің Алтай өлкесі, Бийск қаласында дүниеге келді.

Құрманғазы атындағы мемлекеттік өнер институтын бітірген.

Еңбек жолын Қазақ радиосы мен телевизиясы камералық оркестірінің әртісі болып бастады. Құрманғазы атындағы Алматы  мемлекеттік консерваториясының аға оқытушысы, Мехико филармониясы оркестінің әртісі, Алматы мемлекеттік консерваториясы доцентінің міндетін атқарушы, скрипка кафедрасының меңгерушісі болды.

Қызметі:

1984-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы ОК нұсқаушысы;

1987-1997 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ректоры;

1997-2002 жылдары - ҚР Білім және мәдениет министрлігінде мәдениет департаментінің директоры, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінде мәдениет комитетінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде мәдениет комитетінің төрағасы, вице-министр.

2002-2003 жылдары - «Дегдар» гуманитарлық қорының президенті;

2003-2004 жылдары - ҚР Мәдениет министрі;

2004-2008 жылдары - ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі;

2008 жылдан бастап - ТҮРКІСОЙ-дың бас директоры.

Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер әрі профессор Дүйсен Қорабайұлы «Тарлан» сыйлығымен, «Құрмет», «Парасат», Ресейдің «Достық», Польшаның «Поляк мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін» ордендерімен, медальдармен марпатталған.