Жекпе-жек • 15 Желтоқсан, 2021

Исмаилов қандай жағдайда Минеевпен үшінші рет кездесетінін айтты

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Магомед Исмаилов отандасы Владимир Минеевке қарсы октагонға үшінші рет қандай жағдайда шығуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Исмаилов қандай жағдайда Минеевпен үшінші рет кездесетінін айтты

«Минеев-Исмаилов трилогиясы өтпейді. Тек чемпион ретінде ол өзі өтінсе ғана ойланамын. Алайда сегіз бұрышта кездесеміз деп кесіп айта алмаймын. Ендігі кезек – Артур Алибулатовта», деді Магомед Исмаилов өз ойымен бөлісіп.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Владимир Минеев пен Магомед Исмаилов екі рет октагонда кездескен болатын. 2018 жылы өткен шайқас тең нәтижемен аяқталса, осы жылы ұйымдастырылған екінші жекпе-жекте Владимир Минеев қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.