Ауа райы • 16 Желтоқсан, 2021

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

275 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазгидромет 17 желтоқсанда түнде және таңертең оңтүстік-батыстан жел соғады деп мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

17 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 17 желтоқсанда түнде және таңертен тұман күтіледі.

Ертең Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу борасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облысының солтүстігінде, батысында 15-20 м/с.

17 желтоқсанда Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Желтоқсанның 17-сі күні Ақтөбе облысының батысында да тұман күтіледі 2021 ж. 16 желтоқсан 20 сағ. 17 желтоқсан 20 сағ. аралығы 17 желтоқсанда Атырау облысының көп бөлігінде тұман күтіледі.

Сондай-ақ, ертең түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қ: 17 желтоқсанда түнде тұман күтіледі. Түркістан қ: 17 желтоқсанда түнде тұман күтіледі. 17 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.

Ертең Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ.: түнде 17 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады.

17 желтоқсанда Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Желтоқсанның 17-сі күні Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

17 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысының батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 6-18 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. 17-18 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады.