Нұр-Сұлтанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күні кезекте тұрған 400-ге жуық отбасы пәтер кілтіне ие болды. Оның ішінде «Отбасы банкі» арқылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар бар. Желтоқсан айында 2 мыңнан астам кезекте тұрған отбасы әлеуметтік пәтерге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл елордада қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй саны 10 мың пәтерге дейін ұлғайтылды.
Жаңа қоныстанушыларға кілттерді елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов табыс етті. Үйлер Есіл ауданында орналасқан (Е34 және Е44 көшелерінде).
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы күні қаланың жаңа ауданында жаңа пәтерлердің кілтін тапсыру мен үшін үлкен құрмет. Бүгін осы үйдің маңында біз ең заманауи жабдықтармен жабдықталған 4 мың оқушыға арналған BINOM мектебін аштық. Әрине, бұл ауданда әлі көп жұмыс бар. Инженерлік инфрақұрылым бойынша жұмыстарды жалғастырамыз, жолдар мен өтпе жолдарды, қоғамдық көлік жұмысын ұйымдастырамыз. Бірақ, ең алдымен, біз жұрт өмір сүріп, балаларын оқыта алуы үшін тұрғын үй мен мектеп ашамыз.
Болашақта бұл аудан елордадағы ең жайлы орындардың біріне айналатынына сенімдімін. Баршаңызға амандық, денсаулық, бақыт, табыс тілеймін! Қоныс тойы құтты болсын!», деді Нұрлан Нұркенов кілттерді тапсыру кезінде.
Қоныс иелерін «Отбасы банк» АҚ орталық филиалы директорының орынбасары Жанар Ізімбетова да құттықтады.
«Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен, сондай-ақ қоныс тойларыңызбен құттықтаймын! Жаңа үйлеріңізде береке мен молшылық болсын! Құрметті қоныс иелері, сіздерді жаңа баспаналарыңызбен құттықтаймын! Үйлеріңізге жылулық, денсаулық және жайлылық тілеймін!», деді ол.
Бибігүл Тұрабаева елордада 2007 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұр. Бүгін ол баспаналы болған бақытты жандардың қатарында.
«Мен елорда тұрғынымын, №1 балалар ауруханасында медбике болып жұмыс істеймін. 2007 жылдан бастап тұрғын үй кезегінде тұрмын. Бүгін мереке күні баспаналы болып отырмын. Осындай маңызды оқиға бүгін болғанына қуаныштымын. Қазақстанның барлық азаматын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! Баршаңызға бейбітшілік, жақсылық тілеймін!», деп қуанышымен бөлісті Бибігүл Тұрабаева.
Ләззат Жанпейісова үшін бүгін қос мереке – оның балалары бүгін қоныс тойын тойлап жатыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдікті әлеуметтік пәтер салынды. Тек соңғы үш жылда қолжетімді тұрғын үй саны 5,5 есеге артты.
Мысалы, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер берілген болса, 2019 жылы – 2 900 әлеуметтік пәтер, 2020 жылы – 7 000-нан астам пәтер салынып, пайдалануға берілді. Биылғы меже – 10 000 әлеуметтік пәтер
Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы биыл да жалғасын табады; сол сияқты жастарға арналған Elorda Jastary арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды.
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар