Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова мен ЖИТС орталығының директоры Сәбит Әбдраимов АИТВ-мен сырқаттанушылық деңгейі және алдын алу шаралары туралы өткізілген онкүндік барысымен және жыл бойындағы атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Өткен ғасырда медицина ғылымында проблемалардың бірі болған, жұрт атынан-ақ үрейленетін ЖИТС жұқпалы дерті бүгінде ғалымдар ізденісінің нәтижесінде созылмалы сырқаттардың санатына енген. Бұл аурумен күресте бірінші кезекте халықтың, әсіресе жастардың хабардар болу деңгейін арттырудың маңызы зор. Өйткені адамдардың ауруын жасырып қашпай, емделуінің нәтижесінде АИТВ инфекциясын жұқтырғандар толыққанды өмір сүре алатын дәрежеге жетті. Яғни ЖИТС – емге көнетін аурулар санатында.
Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдары мен ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы мамандарының бірлесе АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың әлеуметтік қорғалуы мен құқықтарының сақталуына қоғамның назарын аударуының оң нәтиже беретінін өмірдің өзі дәлелдеуде. Бұрын адамдардың ЖИТС-пен ауырып ажал құшуы жөнінен дүние жүзі бойынша 8-орындағы дерт қазір 19-орынға ығысты. Дегенмен бұл ауруға деген назар бәсеңдейді деген сөз емес. Сол себепті ауруды анықтауға арналған талдамалар, экспресс-тесттер алу үзбей жүргізіледі. Мәселен, миллионнан аса халқы бар елордада мұндай талдауларды жүргізу деңгейі жоғары екен. Жан-жақтан келетін ішкі және сыртқы миграцияны есепке ала, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен тәртіп бойынша халықтың 10 пайызын тексеруден өткізу қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласында оның мөлшері 20-дан асты. Көбірек тексерген сайын аурудың анықталу мөлшері де соған сәйкес ұлғаяды. Ал оның неғұрлым тезірек анықталғаны әрбір ауру жұқтырушы үшін аса маңызды екені түсінікті. Қазіргі күні өзі АИТВ жұқтырғанымен дені құлантаза сау бала әкелген аналардың саны артты. Яғни соңғы 4-5 жылдың ішінде аурудың анадан балаға жұғуы тоқтады.
Бүгінде ғылымның дамуымен аурумен күрестегі терапия жолдары да жеңілдеді. Пациенттер бұрынғыдай бірнеше дәрі емес, бойына барлық керектілерін жинастырған бір ғана препаратты пайдаланады. Емдеу тәсілін жеңілдетудегі жұмыстар бойынша ізденістер әлем бойынша жалғасын тауып, енді аптасына бір-ақ рет егу түрлері енуі де ғажап емес. Жалпы, айта кететін бір жайт, еліміз бойынша АИТВ жұқтыру жөнінен ерлер жағы басым. Мәселен, анықталғандар ара салмағын есептегенде, оның 79 пайызын ерлер құрайды. Бұл қоғамда ер балалар арасында тәрбиеге көңіл бөлу қажеттігін көрсететін индикатор ма деген ойға келгенбіз. Өйткені барлық жұқтырушыны пайыздап екшегенде 20 мен 39 жас арасындағы ерлер арасында ауру жұқтыру 62,1 пайызды құраған. Бұл өте алаңдатарлық жағдай.
– Бұрын ауру жұқтырушылар ішінде жұмыссыздар басым болып келсе, қазір статистика өзгерді. Есептегі пациенттердің 52,7 пайызы жұмысы барлар, оның ішінде жоғары білімі барлар да өте көп. Негізінен ауру жыныстық қатын арқылы тарайды. Мәселен, тіркелгендердің 80,5 пайызы – сондай қатынастан опық жегендер. Оның 21 пайыздан астамы бір жынысты – ер мен ердің арасындағы қатынастан жұқтырған. Халықтың әртүрлі топтарын АИТВ-ға уақтылы тексеру нәтижесінде аурудың ерте 1-2 сатысында анықтау 83 пайызды құрағанын атап өту қажет, – дейді С.Әбдірайымов.
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар