Кәсіпқой бокс • 20 Желтоқсан, 2021

Альваресті 69 секундта жеңді

3050 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші жартылай орта салмақта жұды­рықтасатын қазақстандық бокс­шы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) өзінің кезекті жекпе-жегін өткізіп, қар­­сыласын бірінші раундта-ақ сұ­латып салды.

Альваресті 69 секундта жеңді

Канаданың Монреаль қаласында өткен айқаста Жүкембаев бокс жанкүйерлеріне аса қатты танымал болмаса да, өте тәжірибелі мек­сикалық Хуан Хосе Мартинес Альва­респен жұдырықтасты. Мартинес кәсіби шар­шы алаңда 38 жекпе-жек өткізіп, соның 28-інде жеңіске жеткен. 20 мәрте кездесуді мер­зімінен бұрын аяқтаған. 10 айқасында қар­сыласына жол берген.

Жекпе-жекті отандасымыз өте қарқынды бастады. Ә дегеннен қарсыласын соққының астына алған Жүкембаев 40 секундта Аль­варесті нокдаунға түсіріп үлгерді. Артынша Мартинес тағы бірнеше мәрте ауыр соққы алған соң төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп жерлесіміз мексикалық бокс­шыдан 69 секундта-ақ басым түсті.

Бұл – Батыр Жүкембаевтың карьера­сындағы 18-ші жеңісі. Кәсіпқой бокстағы карьерасын осы Канадада бастаған отандасымыз бұған дейінгі бір жекпе-жегін АҚШ-та өткізіп, тұңғыш рет жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болып еді. Енді, міне, Канадаға қайта оралып, жеңісті жолын жалғады.