Коронавирус • 20 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 3 адам көз жұмды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 3 адам көз жұмды

18 желтоқсанда екі адам ПТР талдауы (КВИ+) расталған коронавирустан, тағы бір адам ПТР сынамасы теріс (КВИ-) бар коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды деп хабарланды.

20 желтоқсандағы жағдай бойынша 19 721 адам КВИ (17 165 КВИ + және 2 556 КВИ-) бойынша ем алуды жалғастырып жатыр,

3 413 науқас стационарда,

16 308 науқас амбулаторлық деңгейде.

КВИ + және КВИ- бар науқастардың арасында:

жағдайы ауыр - 293 науқас,
өте ауыр жағдайда - 73 науқас,
жасанды тыныс алу аппаратында - 58 науқас.Е