Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2021

Алматыда дабыл қағылады

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 желтоқсан күні сағат 10:10-да Алматыда азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда дабыл қағылады

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды төтенше жағдайлар туралы хабардар ету табиғи құбылыстардың түрлі факторларының әсерінен туындаған қандай да бір апаттың немесе қиратушы әсердің теріс салдарларынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі шара болып табылатынын түсіндірді.

Хабардар ету жүйесін тексеру барысында электр дабылдарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімге қосу, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді.