Оқиға • 20 Желтоқсан, 2021

Алматы облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында жол апаты салдарынан 47 жастағы алматылық және тоғыз айлық сәби қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді.

Оқиға 16 желтоқсанда сағат 14:00 шамасында Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылының батыс бағытында 58 километрде Алматы-Бішкек тасжолында болған. Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылының 26 жастағы тұрғыны Chevrolet Cruze автокөлігі тізгінінде ВАЗ-21063 автокөлігімен соқтығысқан.

«Апат салдарынан Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Алматы қаласының 21 және 30 жастағы тұрғыны 9 айлық баласымен ауруханаға жеткізілді. Алматы қаласының 47 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза болды. Бала алған жарақатынан емдеу мекемесінде екі сағаттан кейін қайтыс болды. ВАЗ-21063 автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы Сарыбастау ауылының 59 жастағы тұрғыны түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», делінген сайтта.

Дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі («Автомобильді басқаратын адамның екі адамның өліміне әкеп соққан Жол жүрісі қағидаларын бұзуы») бойынша СДТБТ-де тіркелді. Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды.