Президент • 20 Желтоқсан, 2021

Мемлекет басшысы елорда әкіміне бірқатар тапсырма берді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы елорда әкіміне бірқатар тапсырма берді

Президентке 11 ай ішіндегі елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар Алтай Көлгінов елордада эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін жүзеге асырылып жатқан шаралар мен халыққа вакцина салу жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкіміне жылумен қамту, инфрақұрылым, инженерлік желілер, әлеуметтік тұрғын үйлер мен нысандардың құрылысы сияқты салалар бойынша қордаланған мәселелерді шешуге қатысты, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

Атажұрттан Анадолыға дейін

Көрме • Бүгін, 08:43

Шағатай әдебиеті

Таным • Бүгін, 08:40

Маңызды мүдделестік

Пікір • Бүгін, 08:15

Кіріс артып, инфляция төмендеді

Инфляция • Бүгін, 08:10