Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 17-ші халықаралық кездесу барысында талқыланатын мәселелерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін біз Сирия бойынша кезекті 17-ші халықаралық кездесуді өткізгелі отырмыз. Нұр-Сұлтанға барлық делегациялардың өкілдері келді. Бүгін бізді айтарлықтай мазмұнды күн тәртібі күтіп тұр. Сириялық реттеудің түрлі аспектілері бойынша қызығушылық тудыратын мәселелерді ортаға саламыз. Ең алдымен, біз Түркия, Иран, Ирак, Ливан, Иорданияның көрші елдері делегациясының өкілдерімен сириялық реттеу жолында алға жылжуға мүмкіндік беретін барлық мәселелерді талқылаймыз», деді Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі.
Оның айтуынша, қатысушылар соңғы уақытта Сирияның солтүстігінде ғана емес, бүкіл ел бойынша террористік топтардың жанданғаны туралы алаңдай бастады. Сондықтан террористік топтарға қарсы іс-қимылды жандандыру және барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін ұштастыру нұсқалары басты назарда болады.
«Менің ойымша, біз бұл зұлымдыққа қарсы тұра аламыз. Әрине, біз Сириядағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту үшін жағдай жасау мәселесін қарастырамыз. Бұл мәселе қазір бірінші кезекте тұр. Біз БҰҰ Бас хатшысының желтоқсандағы баяндамасымен мұқият таныстық. Сыртқы жағынан, әрине, бәрі өте керемет көрінеді, халықаралық қауымдастық қолдауға белсенді түрде қосылды, бірақ өткен алты айда біз қалаған нәтижеге қол жеткізе алмадық. Сондықтан біз Сириядағы гуманитарлық көмек туралы жағдайды талқылаймыз», деді Александр Лаврентьев.
Оның айтуынша, тағы бір маңызды мәселе - сириялық босқындардың оралуы.
Арнайы өкіл жақында Сирияда Сирия мен Ресей штабтарының кезекті кездесуі өткенін, осыған байланысты бұл мәселеге белгілі бір қарқын берілуі тиіс екенін еске салды.
«Осы тақырыпқа халықаралық қоғамдастықтың назарын аударғымыз келеді. Сонымен қатар, батыс елдері тарапынан белгілі бір қозғалыстар бар. Сириялық босқындарды қайтару үшін оларды қайтару үшін тиісті, лайықты жағдайлар жасалуы керек. Сирия үкіметі бұл жағдайларды жасау үшін бар күшін салуда, бірақ адамдарды, өкінішке орай, қираған үйлерінде тұруы үшін қаржыландыру қажет. Процесс жүріп жатыр, бірақ бәріміз қалағандай жылдам қарқынмен емес», деді ол.
Кездесу барысында ұсталғандармен алмасу және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру жөніндегі жұмыс тобы өкілдерінің баяндамалары тыңдалады.
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар