Кәсіпқой бокс • 21 Желтоқсан, 2021

Головкиннен жеңілген боксшының қарсыласы анықталды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы, америкалық былғары қолғап шебері Дэниэл Джейкобстың кезекті жекпе-жекте рингте кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкиннен жеңілген боксшының қарсыласы анықталды

Келесі жылдың 12 ақпаны күні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында ұйымдастырылатын бокс кешінде Дэниэл Джейкобс жергілікті боксшы Джон Райдермен кездеседі.

Біршама уақыт бұрын екінші орта салмақ дәрежесіне ауысқан АҚШ боксшысы жаңа салмақта үшінші мәрте бақ сынамақ. Ол соңғы шайқасында отандасы Габриэль Росадоны ұпай санымен жеңген болатын.

Дэниэл Джейкобс орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген кезінде Геннадий Головкинге және мексикалық Сауль Альвареске есе жіберген еді.