Кәсіпқой бокс • 21 Желтоқсан, 2021

Ресейлік «Рокки» кәсіби спорттағы мансабын аяқтады

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBO тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы Руслан Проводников кәсіпқой боксшы ретіндегі мансабын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейлік «Рокки» кәсіби спорттағы мансабын аяқтады

37 жастағы боксшы UFC-дің бұрынғы жауынгері Али Багаутиновқа қарсы өткен жекпе-жегінен кейін осындай шешім қабылдады. Бес раундқа жоспарланған бұл кездесу қайырымдылық жасау мақсатында ұйымдастырылған болатын. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Руслан Проводников төрешілердің басым даусымен жеңіске жетті.

«Мен бүгіннен бастап боксшы ретіндегі кәсіби мансабымды аяқтаймын. Қолғабымды шегеге ілдім. Жылдар бойы мені қолдап келген барша жанкүйерлерге, бокс мамандарына алғысым зор», деді спортшы өз сөзінде.

Руслан Проводников кәсіпқой рингте 30 кездесу өткізіп, 25 жекпе-жекте жеңіске жеткен. Ол 18 қарсыласын мерзімінен бұрын ұтып, бес кездесуде жеңілістің кермек дәмін татқан. Жанкүйерлер оны ринг ортасында тік тұрып жұдырықтасатын стилін ұнатқандықтан «Ресейлік Рокки» атаған еді.