Үкімет • 21 Желтоқсан, 2021

Бейбіт Атамқұлов Румыния Парламентінің депутаттарымен кездесті

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов сенатор Кристиан-Аугустин Никулеску-Цыгырлаш бастаған Румыния Парламенті депутаттарын қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Бейбіт Атамқұлов Румыния Парламентінің депутаттарымен кездесті

Министр Румыния парламентшілерін экспорттық және импорттық операциялар кезіндегі көлік және логистика, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы ынтымақтастық перспективаларымен, сондай-ақ инвесторларға ұсынылатын мүмкіндіктермен таныстырды. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ тікелей жүк және жолаушылар әуе бағыттарын ашу жайын талқылады. 

Келіссөздер қорытындысында тараптар сындарлы диалог үшін ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, 2021 жылдың 10 айында Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы 39% артып, 1,4 млрд АҚШ долларын құрады.

Қазақстанда Румын капиталының қатысумен 24 компания тіркелген. Румынияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 17 заңды тұлға жұмыс істейді. Румыниядан Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар - 1,57 млрд АҚШ долларын (2005 жылдан 2020 жылға дейін) құрады.