Кәсіпқой бокс • 21 Желтоқсан, 2021

Майрис Бриедис «Канелоны» жекпе-жекке шақырды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IBF тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, латвиялық былғары қолғап шебері Майрис Бриедис екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Майрис Бриедис «Канелоны» жекпе-жекке шақырды

«Менің ойымша «Канело» бірінші ауыр салмақтағы WBC чемпионы Илунга Макабуды жетінші раундтан кейін нокаутпен жеңеді. Сенде бір ғана белдік болса, онда толыққанды әлем чемпионы емессің. Нағыз чемпионда кем дегенде 2-3 әлем чемпионы белдігі болуы керек. Сондықтан сен тағы бір қадам алға басуың керек.

Жақында ғана Африкада коронавирустық инфекцияның омикрон штамы табылғаны мәлім болды. Макабу сол құрлықтың тумасы екені мәлім. Осы мәселеге зер сала отырып, «Канело» менімен кездесу мәселесін қарастырса деймін. Кеттік, Сауль, әлем жанкүйерлері күткен тамаша шайқасты тарту етекйік», деді боксшы ютуб арналардың біріне берген сұхбатында.