Кәсіпқой бокс • 22 Желтоқсан, 2021

Әйгілі сайт Головкинді рейтингтен шығарып тастады

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокс әлеміндегі әйгілі сайт Boxrec.com отандасымыз, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкинді рейтингтен шығарып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Әйгілі сайт Головкинді рейтингтен шығарып тастады

Танымал сайттың Геннадий Головкинді рейтингтен сызып тастауына оның ұзақ уақыт бойы рингке шықпауы себеп болған. Отандасымыз соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айында польшалық Камил Шереметаны техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін жекпе-жек өткізген жоқ. Ал Boxrec.com сайты 12 ай бойы шаршы алаңға көтерілмеген былғары қолғап шеберін рейтингтен міндетті түрде шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 29 желтоқсанға жоспарланған Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жек күн шығыс еліндегі қатаң шектеулерге байланысты кейінге қалдырылған болатын.