Коронавирус • 22 Желтоқсан, 2021

Қазақстан вакцина алу бойынша әлемде 103-орында тұр – Жандос Бүркітбаев

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев әлемдегі және Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.



Қазақстан вакцина алу бойынша әлемде 103-орында тұр – Жандос Бүркітбаев

«Әлемде 275 миллионнан астам коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген. Тәулігіне 500 мыңнан астам жағдай тіркеліп, 5,3 миллионнан астам адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бөлігінде 54 елдің 15-де соңғы аптада сырқаттанушылықтың артқаны байқалды. Соңғы 14 күнде Данияда сырқаттану 70 пайыздан асқан, Италияда, Швецияда – 50 пайыздан, Франция, Ұлыбританияда – 40 пайыздан астам өскен, Новергия мен Португалияда – 30 пайыздан астам өсті», деді Жандос Бүркітбаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, Қазақстанда соңғы аптада сырқаттану 31 пайызға төмендеді. Әлемдік рейтингте Қазақстан КВИ-ге қарсы екі дозамен вакциналау бойынша 208 елдің ішінде 103-орында. Оның ішінде ТМД елдері арасында Қазақстан екінші орында тұр, халық санының 44,5 пайызы вакцинамен қамтылған.

«Республикада ПТР тесттің оң нәтижесімен 984 мыңға жуық жағдай және теріс нәтижесімен 83 мыңға жуық жағдай тіркелген. Науқастардың 96 пайыздан астамы жазылып шықты. 18 852 науқас емделуді жалғастырып жатыр. Жалпы Қазақстанда соңғы 4 айда сырқаттану 6 есе төмендеді, репродуктивті саны – 0,9 және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендегені байқалады», деді Ж. Бүркітбаев.