Оқиға • 22 Желтоқсан, 2021

Түркістан облысында жоғалған оқушының денесі кәрізден табылды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері жоғалған баланың денесін ауладағы кәрізден тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында жоғалған оқушының денесі кәрізден табылды

Ордабасы аудандық ішкі істер бөліміне Шұбарсу ауылының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, 18 желтоқсанда 8-сынып оқитын баласы үйінен белгісіз жаққа шығып кетіп оралмаған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер өз үйінің ауласындағы кәрізден 14 жастағы жасөспірімнің мәйітін тапты. Болжам бойынша жасөспірім септикке құлап, қаза болған. Сараптамалар тағайындалды», деді полиция өкілдері.

Құқық қорғаушылар қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын айтты.