Коронавирус • 23 Желтоқсан, 2021

Коронавирус пен пневмониядан 15 адам қайтыс болды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жарияланды. Мәліметке сәйкес коронавирус пен пневмониядан 15 адам қайтыс болғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус пен пневмониядан 15 адам қайтыс болды

Қайтыс болғандарда расталған ПТР талдауы (КВИ+) болғаны хабарланды.

Сондай-ақ, 21 желтоқсанда дәрігерлер ПТР-сынамасы (КВИ) теріс нәтижелі коронавирус белгілері бар пневмонияның 75 жағдайын тіркегені айтылды.

23 желтоқсандағы жағдай бойынша 18 685 адам COVID-19 (16 239 КВИ+ және 2 446 КВИ-) инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 2 947 науқас стационарда, 15 738 науқас үйде ем алуда.

КВИ+ және КВИ- шалдыққандар арасында:

жағдайы ауыр - 262 науқас;
өте ауыр жағдайда - 73 науқас;
жасанды тыныс алу аппаратында - 62 науқас.н