«Деметриус Андраде мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жек өте ме, жоқ па? Америкалық боксшы өзіне тиесілі әлем чемпионы атағынан бас тарта ма? Меніңше бұл шайқас ұйымдастырылмайды. Деметриус Андраденің промоутері Эдди Хирн жақында ғана мәлімдеме жасаған болатын.
«Мен Андрадені Джермалл Чарло немесе Геннадий Головкинмен кездестіргім келеді. Бұл кездесулерді ұйымдастыра алмасақ, Андраде екінші орта салмақ дәрежесіне көтеріледі», деген Хирннің сөзі жадымызда. Сол себепті Деметриустің Жәнібекпен рингте кездесетініне күмәнмен қараймын. Ол 15 қаңтарға дейін белдігін бос қалдыруы әбден мүмкін», дейді арна жетекшісі.