Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2021

«Атырау-Орал» жолында кейбір көліктерге шектеу қойылды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күн райының бұзылуына байланысты «Атырау-Орал» автожолында кейбір көліктердің жүруіне шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Атырау-Орал» жолында кейбір көліктерге шектеу қойылды

«Батыс Қазақста облысында күн бұзылуына байланысты (жолдың нашар көрінуі, боран) бүгін сағат 00.00-ден бастап (Нұр-Сұлтан уақытымен) «Атырау-Орал» автожолының 375-492 шақырымында, атап айтқанда, Чапаево кенті мен Орал қаласы арасындағы учаскеде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк және қоғамдық автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа аласыздар», делінген министрліктің хабарламасында.