Әлем • 23 Желтоқсан, 2021

Еуроодақ елдері КВИ-ға қарсы 1 млрд қауіпсіздік сертификатын шығарды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропалық Одаққа мүше 27 ел коронавирусқа қарсы 1 млрд-тан астам цифрлық қауіпсіздік сертификатын шығарды. Бұл санды Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Еуроодақ елдері КВИ-ға қарсы 1 млрд қауіпсіздік сертификатын шығарды

«Еуропалық Одақ сертификаты – 60 ел мен аймақты қамтитын әлемдік стандарт. Бұл ЕО және оның сыртында қауіпсіз саяхаттауға мүмкіндік береді», деді У.Ляйен Twitter желісі арқылы.

Сейсенбі күні Еурокомиссия Covid-19 вирусына қарсы вакцинаның цифрлық сертификаты 270 күнге (9 ай) жарамды болатынын қарастыратын ережелерді бекітті. Қатысушы елдер ковид-сертификаттары иелерінің бүкіл Одақ аумағында еркін саяхаттауы үшін бұған ыңғайлануы тиіс.

Сертифкат жарамдылығының мерзімі Еуропа Аурулардың алдын алу және қадағалау орталығы ұсынған кеңестер негізінде орнатылған. Адам COVID-19 вирусына қарсы вакциналаудың бастапқы курсы аяқталғаннан кейін алты ай өткен соң вакцинаның бустерлік дозасын алуы тиіс. Бұл мерзімге тағы үш ай қосылған. Жаңа тәртіп 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді. 9 айлық мерзім соңғы дозаны алғаннан бастап есептеледі.

Цифрлық ковид-сертификатының тоғыз айлық мерзімі қатардағы еуропалықтарға сенімді саяхаттауға арналған. Қазіргі кезде ЕО-ға мүше елдердің міндеті – адамдарға вакцинаның «бустерлік» дозасын алу мүмкіндігін жедел қамтамасыз ету.

Цифрлық қауіпсіздік сертификаты – адам коронавирусқа қарсы екпе алғанын, аурудан жазылғанын немесе ПТР теріс нәтижесін көрсететін құжат.