Кәсіпқой бокс • 23 Желтоқсан, 2021

Төрт салмақта әлем чемпионы атанамын – Жәнібек Әлімханұлы

2355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокс әлеміндегі әйгілі Top Rank промоутерлік ұйымының басшысы Боб Арум қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы туралы твиттерде жазба қалдырып, отандасымызды орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің үздік боксшысы атаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төрт салмақта әлем чемпионы атанамын – Жәнібек Әлімханұлы

Промоутерінің твиттердегі жазбасын Жәнібек Әлімханұлы жауапсыз қалдырған жоқ. Ол өз кезегінде «Мен бір емес төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанамын» деп жазды. Жәнібек бұған дейін де бірнеше мәрте төрт салмақта топ жаруға ниетті екенін жеткізген болатын. Уәдесін іс жүзінде орындап жатса, қанекей?!