Кәсіпқой бокс • 23 Желтоқсан, 2021

Алыптар айқасы: Фьюри мен Усик келесі жылы кездеседі

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Top Rank промоутерлік ұйымының өкілі Тодд Дюбоф WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы, ұлыбританиялық боксшы Тайсон Фьюридің кәсіби мансабына қатысты болашақ жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алыптар айқасы: Фьюри мен Усик келесі жылы кездеседі

«Мен келесі жылы Тайсон Фьюридің Энтони Джошуа, Александр Усик және Диллиан Уайт секілді мықты боксшылармен шаршы алаңда кездескенін құп көремін. Өз тарапымыздан сол бағытта жұмыс жасайтын боламыз. Бір анығы Тайсон келесі жылы шаршы алаңға үш мәрте көтеріледі», дейді ол.

Соңғы рет Тайсон Фьюри шаршы алаңда америкалық Деонтей Уайлдермен кездескен болатын. Трилогияда ол қарсыласын 11 раундта нокаутпен жеңіп, екі мықты арасындағы текетіреске нүкте қойған еді.