Бокс • 23 Желтоқсан, 2021

Үздік шыққан боксшылар ел намысын қорғайды

796 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан чемпионаты мә­ресіне жетті. Оралға еліміздің бар­лық өңірінен келген 212 боксшы 13 сал­мақ дәрежесінде өзара жеңімпазды анық­тады.

Үздік шыққан боксшылар ел намысын қорғайды

Ағайынды сегіз боксшы сынға түсті

Оралда өткен чемпионатта 3 алтын медаль жеңіп алған Нұр-Сұлтан қаласының был­ғары қол­ғап шеберлері коман­далық есеп­­те көш бастады. Ал 2 ал­тын, 1 күміс және 1 қола медаль ен­ші­леген түркістан­дық­тар екін­ші орын­ды еншілесе, Қара­ған­дыдан кел­ген боксшылар 2 алтын жеңіп, жал­пыкомандалық есепте үздік үш­тікті түйіндеді.

Ел біріншілігінде 8 бірдей бокс­шы тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды. Мұны әлем чемпионатында жүлде алған бес боксшы мен жаһан жарысында ауыр жекпе-жек өткізген Асланбек Шымбергеновті (71 кг) жарыстан босатқанымен байланыстыруға болады. Сонымен қатар бұған дейін құраманың көшбасшысы саналған, бүгінде кәсіпқой бокс­та жүрген Бекзат Нұрдәулетов пен Қамшыбек Қоңқабаев және бокс қолғабын шегеге іл­ген Те­­міртас Жүсіпов, Зәкір Са­фиул­­лин, Василий Ле­вит сынды былғары қолғап шебер­ле­рі­нің құрамадан кетуі де жас бокс­­шыларға жол ашты. Кей­бір салмақ дәрежелерінде чемпион­дық атаққа жете алмай жүрген боксшылар мықтылардың жоқ­тығын пайдаланып, ел чемпио­ны атанды. Атап айтсақ, 48 кг салмақта Санжар Ташкенбай, Дамир Әбдіқадыр (51 кг), Талғат Сырымбетов (54 кг), Асылқұл Ораз­беков (57 кг), Васи­лий Сам­чук (60 кг), Ермахан Жақ­пеков (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Са­ғын­дық Тоғамбай (86 кг) ал­ғаш рет Қазақстан чемпионы атан­ды.

Бір қызығы, Қазақстан чемпио­натында Айбек (92 кг), Нұрбек (80 кг) Оралбайлар, Саматәлі (60 кг), Санатәлі (63,5 кг) Төлтаевтар, Ерма­хан (71 кг), Ерасыл (80 кг) Жақпековтер және Нұрлан (+92 кг), Даниял (+92 кг) Сапарбай сын­ды ағайынды сегіз боксшы сынға түсті. Солардың алтауы жүлдеге ілінді. Тіпті аса ауыр салмақта сынға түскен ағайын­­ды Нұрлан және Даниял Сапар­байлар бір-бірімен кездесіп қалуы да мүмкін еді, егер Даниял ширек финалда сүрінбегенде.

 

Атыраулықтардың қарқыны күшті

Чемпионаттың қорытындысы бойынша командалық есепте төртінші орынды Атырау бокс­шылары алды. Бұрын-соңды аты­раулықтарға командалық есепте үздік төрттікке кіру былай тұр­сын, жүлделі орындарға ілі­ну­дің өзі қиын болатын. 2013 жылы Атырауда өткен ел бірін­шілігінде шаршы алаң ие­леріне 1 алтын, 3 қола медаль бұйырған еді. Бұл жолы үш бірдей аты­раулық боксшы фи­налда өнер көрсетті. Атап айт­сақ, 75 килода Нұрқанат Райыс жеңімпаз атанса, 54 кило салмақ дәрежесінде Олжас Байниязов пен +92 кило салмақтағы Аманат Сабырғали күміс медальды қанағат тұтты. Аты­раулықтарды көптен бері Қазақ­стан құрамасының бұрынғы бокс­шысы Қанат Орақ­баев баптап жүр.

Ал қысқы спорт түрінен алдына жан салмайтын аймақтың бірі Солтүстік Қазақстан облысы боксқа келгенде немқұрайлық танытатын секілді. Себебі Оралда өткен Қазақстан чемпионатында осы өңірдің боксшылары ғана жүлдеге іліне алмады.

 

Чемпиондардың жолы түйісті

Сонымен, кеше 13 салмақта ел чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды. Осы тұста тек 75 кило мен 92 кило салмақтағы жек­пе-жектерге тоқталғанды жөн көріп отырмыз. 75 кило сал­мақта финалға жолдама алған Нұр­қанат Райыс пен Аятулла Таки­­­жановтар – былтырғы Қа­зақ­стан чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері. Сон­дықтан екі қарсылас бір-бі­рін жақсы біледі. Әлем чем­пио­­на­тының күміс жүлдегері Әбіл­хан Аманқұл құрамадан кеткеннен кейін Сербияда өткен әлем біріншілігінде ел намысын кім қорғайтынын білу үшін осы екі боксшы арасында жекпе-жек өткізілген-ді. Сол сында Нұр­қа­нат сәл ғана басымдықпен же­­ңіске жет­кен еді. Осы жолы Аятул­ла финал­дық айқас бастала сала қолы­ның ұзындығын пайдаланып, соққы жасай бастады. Бір­неше соққыны өткізіп алған Нұр­қанат екінші-үшінші раундта ғана белсенділік танытты. Ал­ма-кезек шабуылдармен өткен кездесуде 3:2 есебімен Нұрқанат Райыс чемпион атанды.

92 кило салмақта Айбек Орал­­бай мен Абзал Құттыбеков ара­сындағы финалдық айқас бокссүйер қауымның көңілінен шықты. Олай болмағанда ше?! Айбек жастар арасында Олим­пиада чемпионы болса, Абзал – әскерилер арасында әлем чем­пионы. Қос халықаралық дәре­жедегі боксшы арасындағы үш раундқа созылған жекпе-жек алма-кезек соққылармен өрбіді. Нәтижесінде, бірінші раундта бар­лық төреші басымдықты Ай­бекке берсе, екінші раундта бес төрешінің төртеуі Абзалды үздік деп таныды. Шешуші, үшінші раундта белсенділік танытқан Ай­бекке бес төрешінің үшеуі жеңіс­ті беріп, қорытынды есепте 4:1 есебімен жеңіске жетіп, А.Орал­бай Қазақстан чемпионы атанды.

Енді Қазақстан чемпионы атанған жас боксшылар қаңтар айында тұңғыш рет 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтетін Азия чемпионатына қатысады. Ал толық құрамдағы былғары қолғап шеберлері жазда өтетін Азия ойындарында бақтарын сынайды.

д

 

Ғали ЕСҚАЛИЕВ,

Батыс Қазақстан облысы­ның әкімі:

– Президент тапсырмасына сәйкес облысымызға қарасты аудандарда 13 спорт кешені салынуға тиіс. Әзірге 7 спорт кешені пайдалануға берілді, қалғаны салынып жатыр. Жалпы, соңғы жылдары спортқа көп көңіл бөліп келеміз. Биылдың өзінде каратэден, дзюдодан Қазақстан чемпионатын ұйымдастырдық. Міне, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бокстан Қазақстан чемпионатын Орал өңірінде тұңғыш рет өткізіп отырмыз. Бұған дейін біздің шаһарда ірі көлемде бокс додасы өтпегенін ескерсек, осындай сайыстар өңірден болашақ чемпиондардың шығуына жол ашады деп ойлаймын. Қазақстан біріншілігінің финалында облысымыздың екі боксшысы өнер көрсетті. Бұл да жақсы нәтиже. Жалпы, биылдың өзінде ересектер мен жас­тар арасынан өңірімізден 14 әлем чемпионы, 3 Еуропа және 8 Азия чемпионы шықты.

 

Рахымжан РЫСБАЕВ,

Лондон және Рио Олимпиадаларының төрешісі:

– Орал қаласындағы айтулы іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Осыған байланысты бірінші кезекте Батыс Қазақстан облысы Бокс федерациясының басшысына алғысымды білдіремін. Жаһандық жарыс пен Қазақстан біріншілігі арасындағы уақыт тығыз болғандықтан чемпионатта құраманың кейбір боксшылары өз деңгейінде өнер көрсете алмады. Оны түсінуге де болады. Соған қарамастан, чемпион атанған боксшыларымыз алдағы уақытта халықаралық турнирлерде топ жарады деп сенемін. Жартылай финал мен финалдық кездесулерде төрешілер өте жоғары деңгейде қызмет атқарды.

 

Аркадий ТОПАЕВ,

бокстан әлем кубогының жеңімпазы:

– Бокс державасы болғымыз келсе, Қазақстан чемпионатын әрдайым осындай жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз керек. Құрамаға көптеген жас спортшы келіп жатыр. Олардың барлығы халықаралық аренада тәжірибе жинауы керек. Себебі дәл қазір құрамаға келген жас­тар әлемде көшбасшы болуға дайын емес. Келесі Олимпиадаға дейін біраз уақыт бар. Тынбай даярлық жасаса, боксшыларымыз өз қабілетін әлі-ақ көрсетеді. Сондай-ақ боксшылардың бойындағы намысын ояту – басты мәселе. Көзінде оты, бойында жеңіске деген жігері бар спортшы ғана жоғары нәтиже көрсете алады.

 

Қазақстан чемпионаты. Орал қаласы, 2021 жыл

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер

48 кг

51 кг

1

Санжар Ташкенбай (Нұр-Сұлтан қ.)

1

Дамир Әбдіқадыр (Алматы обл.)

2

Даниал Сәбит (БҚО)

2

Нұрсұлтан Нуриденов (БҚО)

3

Кенже Мұратұлы (Алматы обл.)

3

Тимур Қабдешов (Ақмола обл.)

Ернұр Қайрат (Алматы қ.)

Қуаныш Дүйсенбай (Маңғыстау обл.)

 

54 кг

57 кг

1

Талғат Сырымбетов (Қарағанды обл.)

1

Оразбек Асылқұлов (Ақмола обл.) ­

2

Олжас Байниязов (Атырау обл.) ­

2

Айдос Арапов (Қостанай обл.)

3

Дәулет Молдашев (ШҚО)

3

Ерболат Сабыр (Павлодар обл.)

Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда обл.)

Бейбарыс Жексен (Жамбыл обл.)

 

 

60 кг

 

63,5 кг

1

Василий Самчук (Қарағанды обл.)

1

Ділмұрат Мижитов (Алматы қ.) ­

2

Әділет Құрметов (ШҚО)

2

Абзал Серік (Шымкент қ.)

3

Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау обл.)

3

Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау обл.)

Мұхамедсабыр Базарбайұлы (Түркістан обл.)

Сұлтан Мусинов (Ақмола обл.)

 

 

67 кг

 

71 кг

1

Дулат Бекбауов (Жамбыл обл.)

1

Ермахан Жақпеков (ШҚО)

2

Дархан Дүйсебай (Алматы обл.)

2

Қуан Қуатов (Павлодар обл.)

3

Мирас Ертанов (Алматы обл.)

3

Армат Арманұлы (Алматы қ.)

Дәулет Нысан (Шымкент қ.)

Нұржан Амангелді (Алматы обл.)

 

 

75 кг

 

80 кг

1

Нұрқанат Райыс (Атырау обл.)

1

Нұрбек Оралбай (Нұр-Сұлтан қ.)

2

Аятулла Такижанов (Павлодар обл.)

2

Жәнібек Қартбаев (Ақтөбе обл.)

3

Диас Молжігітов (Жамбыл обл.)

3

Еркебұлан Әкімбай (Алматы обл.)

Тимур Нұрсейітов (Алматы қ.)

Бауыржан Байғоншеков (Павлодар обл.)

 

 

86 кг

 

92 кг

1

Сағындық Тоғамбай (Түркістан обл.)

1

Айбек Оралбай (Нұр-Сұлтан қ.)

2

Мәди Әміров (Алматы қ.)

2

Абзал Құттыбеков (Түркістан обл.)

3

Оңталап Рахманов (Қызылорда обл.)

3

Ерхат Бекзат (ШҚО)

Бекзат Таңатар (Шымкент қ.)

Бексұлтан Орынбай (Шымкент қ.)

 

 

+92 кг

 

 

1

Нұрлан Сапарбай (Түркістан обл.)

 

 

2

Аманат Сабырғали (Атырау обл.)

 

 

3

Дамир Тойбай (Алматы қ.)

 

 

Ержан Сейтімбетов (Ақтөбе обл.)

 

 

 

 

Командалық есеп

Облыс/қала

Алтын

Күміс

Қола

Барл.

1

Нұр-Сұлтан қаласы

3

-

-

3

2

Түркістан облысы

2

1

1

4

3

Қарағанды облысы

2

-

-

2

4

Атырау облысы

1

2

-

3

5

Алматы облысы

1

1

4

6

6

Алматы қаласы

1

1

4

6

7

ШҚО

1

1

2

4

8

Ақмола облысы

1

-

2

3

9

Жамбыл облысы

1

-

2

3

10

Павлодар облысы

-

2

2

4

11

БҚО

-

2

-

2

12

Ақтөбе облысы

-

1

1

2

13

Қостанай облысы

-

1

-

1

14

Шымкент қаласы

-

1

3

4

15

Маңғыстау облысы

-

-

3

3

16

Қызылорда облысы

-

-

2

2

17

СҚО

-

-

-

0

 

 

Финалдық жекпе-жектердің нәтижелері

48 кг:     Даниал Сәбит (БҚО) ­– Санжар Ташкенбай (Нұр-Сұлтан қ.) ­– 1:4

51 кг:     Нұрсұлтан Нуриденов (БҚО) ­– Дамир Әбдіқадыр (Алматы обл.) ­– 0:5

54 кг:     Олжас Байниязов (Атырау обл.) ­– Талғат Сырымбетов (Қарағанды обл.) ­– 2:3

57 кг:     Оразбек Асылқұлов (Ақмола обл.) ­– Айдос Арапов (Қостанай обл.) ­– 3:2

60 кг:     Василий Самчук (Қарағанды обл.) ­– Әділет Құрметов (ШҚО) ­– 5:0

63,5 кг: Ділмұрат Мижитов (Алматы қ.) ­– Абзал Серік (Шымкент қ.) ­– 3:2

67 келі: Дархан Дүйсебай (Алматы обл.) ­– Дулат Бекбауов (Жамбыл обл.) ­– 0:5

71 кг:     Қуан Қуатов (Павлодар обл.) ­– Ермахан Жақпеков (ШҚО) ­– 1:4

75 кг:     Нұрқанат Райыс (Атырау обл.) ­– Аятулла Такижанов (Павлодар обл.) ­– 3:2

80 кг:     Нұрбек Оралбай (Нұр-Сұлтан қ.) ­– Жәнібек Қартбаев (Ақтөбе обл.) ­– 5:0

86 кг:     Сағындық Тоғамбай (Түркістан обл.) ­– Мәди Әміров (Алматы қ.) ­– 5:0

92 кг:     Айбек Оралбай (Нұр-Сұлтан қ.) ­– Абзал Құттыбеков (Түркістан обл.) ­– 4:1

+92 кг:  Нұрлан Сапарбай (Түркістан обл.) ­– Аманат Сабырғали (Атырау обл.) ­– 5:0