Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2021

«Достастық жұлдыздары» сыйлығын алды

217 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, «Невада – Семей» антиядролық қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы, айбоз ақын Олжас Сүлейменов «Достастық жұлдыздары» мемлекетаралық сыйлығының лауреа­ты атанды. Бұл сыйлық гуманитарлық салаларда толайым табыстарға қол жеткізген таңдаулы тұлғаларға дәстүрлі түрде табысталып келеді. Сондай-ақ сыйлық ТМД елдеріндегі басты марапаттардың бірі саналады.

«Достастық жұлдыздары» сыйлығын алды

Мәртебелі сыйлықты тапсыру рәсімі аралас форматта ұйымдастырылды. Келе алмаған азаматтар zoom платформасы арқылы қатысуға мүмкіндік алды. Салтанатты іс-шара барысында Олжас Сүлейменовтен бөлек, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қаты­нас­тар институтының ректоры, Ресей Ғылым академиясының ака­д­е­­мигі Анатолий Торкунов, Ресей-Армян университетінің ректоры Армен Дарбинян (Армения), физик-ғалымдардың авторлық ұжымынан Александр Тузиков, Сергей Золотой және Сергей Кореняко (Беларусь), Астрофизика институтының директоры Гүлчехра Кохи­рова (Тәжікстан), Ұлттық ғылым академияларының пре­зи­дент­­тері Мұрат Жұматаев (Қырғыз Республикасы) және Ион Тиги­няну (Молдова) сыйлыққа ие болды.

Жалпы, ТМД мемле­кет­терінің белгілі тұлға­ларына табыс­талып келе жатқан «Достастық жұл­дыз­­дары» мем­ле­кетаралық сый­лы­ғының тарихы 2009 жылдан бас­талады. Сол жылдың 21 мамырында ресми түрде бекітілген марапат жыл сайын лауреаттарға табысталуда. Гу­­манитарлық ынтымақтастық мем­лекетаралық қоры тағайын­дайтын дәс­түрлі сыйлықты ие­ленген аза­мат­тар­ға Құрмет белгісі, арнайы диплом, куәлік және 2 миллион Ресей рублі тапсырылады.

Лауреаттарды марапаттау рәсіміне гума­нитарлық ынты­мақ­тастық мемле­кет­аралық қорының атқарушы директоры Анатолий Иксанов бастаған өзге де мәртебелі меймандар қа­тысты. Сыйлық иегерлері бей­небайланысқа шығып, риза­шы­лығын жеткізді.

Бұдан бөлек іс-шара кезінде «Дебют­тер достастығы» мем­ле­кет­ара­лық сый­лығы да тап­сырылды. Бұл марапат қазақ­стан­дық бейнелеу өнерінің ше­бері Алмас Нұрғожаевқа бұйы­рды.