Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2021

Ашықтық пен тиімділікті арттырады

346 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңнамалық түзе­тулер ұжымдық ұйымдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова мәлімдеуінше, депутаттар ұсынған заңдағы өзге­рістер ең алдымен ұжымдық ұйымдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ашықтық пен тиімділікті арттырады

А.Ахметованың айтуынша, бұл түзетулер Парламентте бар­лық мүдделі тараптар, атап айтқан­да, авторлық қоғам­дас­тықтар, па­тенттік сенім біл­дірген өкілдер, кә­сіпкерлер, ха­лық­аралық және ұлт­тық сарапшылар шақырылатын жұмыс топ­тары барысында қара­лып, тал­қыланады. Сонымен қа­тар «географиялық көрсету» өнер­кәсіптік меншіктің жаңа объекті­сін күзетуді енгізу, тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерге қатысты қысқа мерзімді күзетуді ұсыну да қарастырылған. Тауар таңбала­ры, географиялық көрсеткіштер және тауар шығарылған жер­дің атаулары бойынша «оппо­зициялық» жүйені енгізу, па­тенттік сенім біл­дірілген өкіл­дердің қызметін реттеу бойын­ша да мәселелер тал­қыға салы­нып отыр. «Түзетулер кезінде құ­қықтардың ұжымдық басқару саласында авторлардың немесе құқық иеленушілердің құ­қық­тарын көлемі, аумағы және бас­қару салалары бойынша шек­­теуі бар бір ғана ұйымға не­месе бірнеше ұйымға беру, соны­мен қатар пайдаланушылар­мен жасалатын шарттар және аудиторлық қорытындылар туралы толық ақпаратты интернет ресурста орналастыру жөніндегі міндеттер қарастырылады. Сон­дай-ақ ұйым­­ның нақты шығыстарын жа­буға және арнайы қорларына жіберілетін қар­жы көлемдерін нақтылау көзделіп отыр», деді заң талаптарын егжей-тегжей тү­сіндіріп өткен министрлік өкілі.

Вице-министрдің мәлім­де­уін­ше, бұдан былай ұйымдар жи­налған сыйақы, ұсталған со­ма­лар туралы есептерін интер­нет ресурстарындағы жеке ка­бинет­те­рі арқылы авторларға және құ­қық иеленушілерге жі­беріп отыруға міндетті. Ал Қазақ­станның заң­намасына жаңа­дан енгізіліп отыр­ған «гео­графиялық көрсету» деген ұғым географиялық нұсқауларды тауарлар шығарылған жерлердің атауларынан бөлек тіркеуге мүм­кіндік бермек. «Өнеркәсіптік мен­­­шік объектілері бойынша Қ­а­­­зақ­станның 2 жеке мемле­кет­тік тізілімі жүргізіледі. Гео­гра­фия­­лық көрсеткіштерді тауар­лар шы­ғарылған жерлердің атау­ла­рынан бөлек қорғауды ұсыну отан­дық өндірушілердің құқық­та­рын іске асыру мүмкін­дік­те­рін кеңейтіп, Ұлттық бренд­теу­ді дамытуға оң әсер етеді. Тір­кел­меген өнеркәсіптік үлгі­лер­ге қысқа мерзімді күзет ұсы­ну құ­қық иеленушілерді біре­гей бұ­йым­дардың сыртқы тү­рін тіке­лей көшіруден қорғау мақса­тын­да жүзеге асырылады. Тіркел­ме­ген өнеркәсіптік үлгі алғашқы жария­лан­ғаннан кейін 3 жыл ішін­де тір­кеу құжатынсыз және қорғау құжа­тынсыз қорғалады», дейді А.Ахметова.