Коронавирус • 24 Желтоқсан, 2021

БҚО-да «омикрон» штамы анықталғаны рас па? ДСМ жауабы

8400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі Батыс Қазақстанда «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да «омикрон» штамы анықталғаны рас па? ДСМ жауабы

Әлекметтік желілерде БҚО-да коронавирустың жаңа штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталғандығы туралы ақпарат пайда болды.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл жалған, «омикрон» жайлы ресми ақпарат жоқ», деді ДСМ баспасөз қызметі.

Айта кетсек, ҮҚК өкілі брифингте БҚО-да бірде-бір оқиға тіркелмегенін нақты айтқан болатын.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті де бұл ақпараттың жалған екенін айтты.